Body: 

2017 жылғы 7 желтоқсан күні "Қолданбалы бакалавриат" кластерін іске асыру аясында "Көлік және коммуникация колледжі" МКҚК өзінің шетелдік серіктестері- Финляндияның қолданбалы ғылымдары Университеттерінің Консорциумынан АКТ бағдарламалары бойынша JAMK қолданбалы ғылымдары Университетінің директоры атынан Яри Хаутамакии және Қазақстандағы консорциумның ресми өкілі Гүлжан Азимбаеваны қабылдады.

Осы шараның мақсаты - көлік, логистика, энергетика және байланыс мамандықтары бойынша қолданбалы бакалавриаттың бағдарламаларын іске асыру үшін ынтымақтастық қарым-қатынасты дамыту.

Колледжде "Радиоэлектроника және байланыс" және "Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы" мамандықтары үшін қолданбалы бакалавриаттың бағдарламасын іске асыру және жоспарының әзірлемелері талқыланды.

Қонақтар Финляндияның қолданбалы ғылымдар университеттерінің НАМК және JAMK қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын таныстырды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриатты енгізу бойынша жол картасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қорытындысында Яри Хаутамаки қонақжайлылық үшін алғысын білдірді және белгіленген міндеттерді шешу аясында жақын күндері қайта көрісуге үмітті екенін аттап өтті.

Л. Матвеева