Body: 

2017 жылғы 8 желтоқсанда ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша Астана және Ақтөбе қалаларының Көлік және коммуникация колледждері арасынды оnline-конференция өткізілді.

Конференцияның мақсаты - колледждер мен серіктестер арасындағы байланыстарды нығайту, студенттердің таңдаған мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, Қазақстандағы жолаушылар қозғалысының жылдамдығы және жоғары жылдамдықтарының даму перспективаларын ашу.

Конференцияға - колледждердің оқытушылары мен әлеуметтік серіктестері, студенттері қатысты.

Конференцияны Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінен директордың ақпараттық - инновациялық технологиялары жөніндегі орынбасары М. Қ. Рамазановтың алғы сөзімен ашылды.

Біздің колледждің атынан директордың оқу - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Л. И.Матвеева - конференция қатысушыларына сәттілік тіледі.

Ақтөбе қаласының Э-22 тобының студенті Реймер Михаил "Шетелдегі жоғары жылдамдықты және жүрдек жолаушылар пойыздарының қозғалысын дамыту перспективалары туралы" баяндаманы оқыды.

Астана жол дистанциясының диагностикалық блок басшысы, техника ғылымдарының кандидаты С. О. Шуданов "Жолаушы тасымалының жоғары жылдамдықты қозғалыстардың ағымдағы жағдайы және келешегі туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының темір жолдарында ауыр салмақты қозғалысты енгізу туралы" баяндамасын таныстырды.

Біздің колледждің 4 курс студенті Туйешов Қайрат "Магистраль"АСУ" тақырыбында баяндама жасады. Келесі арнайы пәндер оқытушысы Г. С. Сырымбетова " Қазақстанның ең жылдам поездары" тақырыбында баяндама жасады.

Атап өтер болсақ, конференцияда үздік баяндамалар оқылып, презентациялар көрсетілді. Өрт қызықты және танымдық диалог болды. Конференция студенттер мен оқытушылар арасындағы достық және белсенді қарым-қатынас аясында өтті

Іс-шараны қорытындылай келе, Online-конференцияның барлық қатысушыларына екі жақ та алғыстарын айтып, колледжде студенттерді сапалы даярлауға ықпал ететін жаңа идеялар мен жобаларды, бірлескен іс-шаралар жүргізуді одан әрі дамытуды атап өтті.


С.Хайруллина