Body: 

«Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК әдістемелік бөлімінде 2017жылғы 11 желтоқсанда сағат 15.00 арнайы пән оқытушыларына арналған Мамандар күні өтті. Мамандар күнін, директордың оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Матвеева Лариса Ивановна алғы сөзімен ашып, кітапхана меңгерушісі Жунусова Гульмира Болатовна "Кәсіпқор" Холдингінен келіп түскен жаңа кітаптарға библиографиялық шолу жасады.

Кітапханашы Омарова Мәншүк Мейірімқызы жаңа кітаптардың электрондық тұсаукесерін мемлекеттік тілде жасап ұсынды.


Шара барысында арнайы пән оқытушылары кітапхана қорына келіп түскен жаңа басылымдармен танысты.

Библиографиялық шолу мамандықтарға оқу үрдісін дамытуда қажетті басылымдармен таныстыру мақсатында өткізіледі.

Г.Жунусова