Body: 

Колледж кітапханасында 2017 жылғы 13 желтоқсанда «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған ақпарат сағаты өткізілді.


Іс шараның мақсаты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 26 жылда жеткен жетістіктер жайында ақпарат беру болды. Сонымен қатар кітапханада «Тәуелсіз елдің жүрегі сенсің – Астана» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалынды.

1ЭМ – 217 тобының студенттері мен оқытушыларға кітапхана меңгерушісі Жунусова Гульмира Болатовна атаулы датаның осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері жайында баяндаса, кітапханашы Омарова Мәншүк Мейірімқызы тәуелсіз Қазақстанның тарихи дамуын, елдің экономикасын және Конституциясы мен заңдарының маңыздылығын, Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың алыс жақын шет мемлекеттермен орнатқан қарым -қатынасын, орталық Азиядағы тұрақтылық пен татулықтың ұйтқысы болуға атсалысып отырғандығын атап өтіп шараға қатысушылардың назарына «Қазақстанның тәуелсіздік күні» және «Желтоқсан оқиғасы» тақырыбындағы бейне филімдер ұсынды.

М.Омарова