Body: 

2017 жылдың 14желтоқсанында №2 жатақханада Тәуелсіздік күніне орай «Үлкен би - 2017» - атты концерттік шоу өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты:Еліміздің айтулы мейрамдарының елеулі болуын дәріптеу,мерекелік көңіл-күй қалыптастыру. Студенттер арасынан дарынды жастарды айшықтау.

Көңілді кеште мың бұралған ұлттық билер көрсетіліп, Адал Асхаттың орындалуында «Жаным қазақ!» әні әуеледі. Жүргізушілер Усербаев Нұржан мен Жаппарова Аружан көрермендерге қызықты сұрақтар қойып, әңгімеге тартып кешті әрлендірді.

Қазылар қатарында болған колледждің көркемдік жетекшісі Нұрболат Сейтқалиұлы, «Жастар» комитетінің төрағасы Ақжол Мұратұлы, жатақхана тәрбиешісі Орынкүл Өмірзаққызы «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрікті» таңдап алды. Олар: 1орын-Сейлханова Айгерім (1-ші жатақхана), 2 орын-Асқарова Гүлнабат (2-ші жатақхана), 3-ші орын -Ташетова Аяулым ( 2-ші жатақхана). Жеңімпаздар, қатысушылар алғыс хаттар және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Әсерлі де көңілді кеш соңы биге ұласты.

Мұса Ж.Д