Body: 

2017 жылдың желтоқсан айының 4-9 аралығында «Электрлі тартымды шаруашылығы» кафедра оқытушыларының апталығы өтті. Апталық аясында оқытушылар ашық сабақтар берді. Тоқсанбаева С.И «Темір жолының жалпы курсы» пәні бойынша ашық сабағын 2ТЭТР-216 тобымен өткізді. Сабақ әдістеме жағынан дұрыс құрылған, сабақтың әрбір кезеңі ойластырылған. Сабақта топпен жұмыс, интерактивті тақтаның беретін мүмкіндіктерін кеңінен қолданды.


Торгаев Д.Б «Жылжымалы құрамның құрылымы» пәні бойынша 3ППС-215 тобымен ашық сабақ өткізді. Оқытушының түсінігі, ой-өрісі, тәжірибелік көрсетілімі – барлық тәсілдер мен оқу материалдары қойылған талаптарға сәйкес келеді.


Тенгизбаева Г.И «Эксплуатация, ремонт и наладка электрооборудования электрических сетей» пәні бойынша 3ЭН-115 тобымен ашық сабақ өткізді. Оқытушы мәліметті жақсы біледі, сөйлеу мәнері сауатты және дұрыс болды.
Колледж музейінде техникалық шығармашылық көрмесі өтті. О.Т Калиев, Е.С Емишев, Қ.Қ Қожахметов, М.А Наурызбаев жетекшілігімен өткен көрмеге 3 курс студенттері қатысты. Студенттердің қолдарымен жасалған шығармалар көрмеге қойылды.


Қасымова С.Ж «Жылжымалы құрамның электрлі машиналары» пәні бойынша «Электр машиналарын қыздыру және салқындату» тақырыбында ашық сабағын 3ЭТХ-115 тобымен өткізді. Сабақта жаңа технология әдістері қолданылды.


Кафедра оқытушылары Есентаева Ж.Б, Касымова С.Ж, Асет Н. 3ЭН-115, 3ЭТХ-115 топтарымен сабақтан тыс шара өткізілді.

Абильдинов Қ.Т. «Тартым жылжымалы құрамның құрылымы» пәні бойынша 3ЭТХ-115 тобымен ашық сабақ өткізді. Жаңа материалды оқытушы интерактивті тақта көмегімен түсіндіріп және студенттерге тәжірибелік жұмыс орындалды. Сабақ өз мақсатына жетті.


Есентаева Ж.Б «Еңбек қорғау» пәні бойынша ашық сабағын 3ЭН-215 тобымен өткізді. Бұл сабақта үй жұмысы техникалық диктант бойынша 3 деңгейлі болып сұралды, ситуациялық жағдайлар беріліп, студенттер топпен дайындалып жауап берілді, СТО технологиясының элементі қолданылды (бес жолды өлең).


Асетұлы Н. «Релелік қорғаныс және электр автоматикасы» пәні бойынша 3ЭН-215 тобымен ашық сабақ өткізді. Сабақта қолданған әдістері әртүрлі, әдістемелік тұрғыдан дұрыс таңдалған.

Шаяхметова Ж.Б «Электрлік өлшеулер» пәні бойынша 3ЭН-215 тобымен ашық сабақ өткізді. Сабақ өз мақсатына жетіп, студенттердің өлшемдік трансформаторлар туралы көптеген мағлұмат алды. Бұл сабақта ББҮ кестесі толтырылып, тәжірибелік жұмыста, сөзжұмбақ шешуде топтастыру әдісі көрсетілді.


С.Токсанбаева