Body: 

2017-2018 оқу жылындағы "Дуалды оқыту" кластерінің жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында, Астана қаласында 2017 жылғы 26 желтоқсанда колледждің әлеуметтік серіктестігі Астана локомотив жөндеу депосы "Қамқор Локомотив" ЖШС-нің базасында қалалық семинар өткізілді.

Семинарға Астана қаласының ТжКБ ұйымдарындағы директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасарлары, өндіріс тәлімгерлері және әлеуметтік серіктестер, "Электротартымдылық шаруашылығы" кафедрасының арнайы пәндер оқытушылары, 1108000 "Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)" мамандықтары бойынша студенттер мен тәжірибеден өтетін практиканттар қатысты.

Іс-шараның мақсаты: дуалды оқытудың аясын кеңейту, болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың сапасын арттыру, еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі жоғарылату

Семинар колледж директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлының алғы сөзімен ашылды. Семинар барысында қатысушылар жылжымалы құрамды жөндеу бойынша колледж студенттері алатын тәжірибелік дағдылары және өндірістегі жұмыс орындарымен танысты.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, өндірістегі кездесуді ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

А.Есенбекова