Body: 

2017 жылдың 27 желтоқсанда колледж студенттері Астана қаласының Көліктегі ІІД, Экстремизмге қарсы басқарма өкілі Алибаев Мағжан Акылжанұлымен кездесу өткізді.


Кездесу барысы экстремизм мен терроризм идеологияларының құрылымын, көздеген мақсаты мен бағытын баяндайтын дәріспен басталды. Дәріс «Діни экстремизим мен терроризмге қарсы іс-шаралар» тақырыбында өтті. Дәріс барысында «Экстремистік ұйым», «экстремистік топ» ұғымдарына түсінік берді.

Кездесудің соңында студенттерге бейнеролик көрсетілді. Студенттер өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сауалдарына толыққанды жауап алды.

Э. Бегалиева