Body: 

2017 жылғы 28 желтоқсан күні колледж студенттеріне арналған жаңа жылдық бал – маскарад өтті.

Мерекелік кештің шымылдығы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Далабаева Айгүл Тұяққызының құттықтау сөзімен ашылды. Айгүл Тұяққызы студенттерге жаңа 2018 жылда үздік оқуға, жаңа табыстарға, жаңа шығармашылық жетістіктерге жетулеріне тілектестігін білдірді.

Бұл мерекеде әсем әуендер әуелеп, мерекенің ажарын келтірді. Әнші қызымыз Айгерім мен биші қыздарымыздан құралған «Тұмарым» би ансамблінің орындауындағы ән-билері жиналған студенттердің көңіл-күйін бір көтеріп тастады. Сонымен қатар, салмақты да қарапайым қалжыңдарымен жұрттың көңілінен шыға білген, қалалық деңгейде жүлделі орындарға ілініп жүрген колледжіміздің «Күлкі аялдамасы» жайдарман тобына кеш қонақтары ерекше ықылас танытты.

Музыкалық бал-маскарадтың қызықты, әрі тартымды өтуіне Аяз Ата мен Ақшақар да өз үлестерін қосты. Барша жиылған студенттер арасында лоторея ойыны ойнатылып, үздік киім киген студенттерді анықтады. Бағы жанған студенттер бағалы сыйлықтарға ие болды. Музыкалық кештің соңы би кешіне ұласты.

А. Мұратұлы