Body: 

2018 жылғы 10 қаңтар айында Астана қаласындағы Көлік және коммуникация колледжінде "Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім беретін педагог кадрларының біліктілігін көтеруге арналған халықаралық тағылымдама" тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарды өткізудегі негізгі мақсаты "Есептеу техникасы
және бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы Ш. М. Бабаеваның Малайзияның білім беру жүйесімен танысуы және шетелден біліктілігін көтеру курсынан өткені туралы есебін тыңдау болды.

Тағылымдамадан өткізу орталығы 2017 жылғы 25 қараша мен 23 желтоқсан айлары аралығында Малайзия мемлекетінің Куала-Лумпур қаласындағы "Азия-тынық мұхиты технологиясы және инновациялары университеті (APU) болып белгіленді.

Курстан өткен кезде оқу үрдісінде келесі тақырыптық сұрақтар қарастырылды:


• Ағылшын тілінің қарқынды бағдарламасы;
• Коммуникация және инженерия семинарларына қатысу;
• Оқытушылар үшін тренингтерге қатысу;
• Білім беру мекемелеріне бару.

Ш. М. Бабаева - Малайзияның білім жүйесінің ерекшеліктері туралы атап өтті.
"Малайзияның біліктілік агенттігі" деңгейлерінің кестесін, фото және видео материалдарын жасап, оқыту моделінің тұжырымдамасын ұсынды. Бірінші жылы студент проблемалық оқыту, екінші жылы-жобалап оқыту, соңғы жылы – өндірісте дағдыларды бекітуге міндетті болған. Оқытудың негізгі педагогикалық әдістері - Блум технологиясы және фокусты пікірталас әдісі болып табылады.

Малайзияның білім беру жүйесінде әрбір бітіруші түлекке Малайзияның ЖОО-ның және Еуропалық диплом алуға мүмкіндік беретін қосдипломдық бағдарлама қолданылады.

Студент оқуды аяқтағаннан кейін 4 негізгі дағдылары меңгеруі тиіс - қатынас, коллаборация – командада жұмыс істей білу, Сын тұрғысынан ойлау және креативтілік. Бұл қасиеттер 21 ғасырдың маманын сипаттайды.

Тағылымдамадан өту аясында келесі іс-сапарлар жүргізілді:
1. Unitar international university- Халықаралық университеті Unitar.
2. German-Malaysian Institute – Герман-Малазиялық Институты.

Ш.М.Бабаева барлық тренингтер мен тесттерді сәтті тапсырып, оларды растайтын сертификаттар алды.

Семинарға қатысушылар қазіргі заманғы оқыту әдістерімен танысып, пікірталасқа белсене қатысты.

Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Л. атвеева