Body: 

2018 жылдың 16-шы қаңтарында колледждің мәжіліс залында 1311000 «Темір жол көлігінің жедел технологиялық байланыс құрылғыларын пайдалану» мамандығының студенттері арасында технологиялық тәжірибе қорытындысы бойынша конференция өткізілді.

Конференцияға Әлеуметтік серіктес: ЖШС - «Казакстан ASELSAN инжиниринг», өндіріс инженері Исабеков Еркебұлан Болатұлы шақырылды, сонымен қатар осы мамандықтын 2,3 және 4 курс студенттері қатысты.

Алғы сөзді директордың өндірістік оқу тәжірибесі жөніндегі орынбасары Жүнүспеков Өміргүл Хамзинұлы бастады. Түлектерді технологиялық тәжірибені жақсы өтулерімен құттықтап, алдағы уақытта тәжірибелік дағдыларын жоғарғы деңгейлерде көрсете берулерін тіледі.

Өндіріс инженері Исабеков Еркебұлан өз сөзінде колледж студенттерінің теориялық, тәжірибелік дағдыларының жоғары деңгейде екендігін және қазіргі уақытта біздің колледж түлектерінің аталған мекеме қызметкерлері қатарында екендігін атап өтті.

4 курс студенттері тәжірибені АҚ «ҰҚ «ҚТЖ» «Байланысты басқарудың бас орталығы» , АҚ «ҰҚ «ҚТЖ» «Астана сигнализация және байланыс дистанциясы» филиалы , АҚ «Транстелеком» филиалында және т.б. байланыс мекемелерінде өтіп, алған дағды, тәжірибелерімен бөлісті.

Технологиялық тәжірибені өту барысында өздерінің білімдерін өте жақсы көрсеткен студенттерге мекеме тараптарыннан алғыс хаттар және мадақтамалар берілді.

Г.К.Айгужина