Body: 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан халқына кезекті жолдауын ұсынды. Онда "Табысты навигация және бейімдеу" төртінші өнеркәсіптік революциядағы 10 басымды міндеттері анықтады.

ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздегі ең маңызды саяси оқиғалардың бірі. Жаһандық экономикалық дағдарыс жалғасып жатқан жағдайда бұл жолдау өз уақтында және өзекті мәселе болып отыр.

2018 жылғы 19 қаңтар айында Астана қаласының "Көлік және коммуникация колледжі" кітапханасында ҚР Президентінің "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" жолдауына талқылау өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына қатысқандар: академик, профессор, саяси ғылымдарының докторы Каскенов К.М., Астана қаласы әкімдігінің "Астана жастары" КММ жетекшісі Болысбек М. Ә., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Далабаева А.Т., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының м.а. Мылтықбаева Ж.Т., А84 жобасының спикерлері Мақұлбаев. И., Бахытжанова. Д. Мақұлбеков. Т., Марсқызы. А., Мұрат. Д., колледж оқытушылар мен студенттері қатысты.

Тыңдаушылардың ішіндегі ең қызықтысы Каскенова Қазбек Майлыбайұлының баяндамасы болды. Онда рухани жаңғырудың қажеттігін атап өтті. Ол "Біздің қоғамымызда қазақстандықтар өз елінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін болуы тиіс. Қазақстан білім саласындағы өз құрылымына сүйене отырып, оны әлемге танытуға мүмкіндік алады.

А 84 жобасының спикерлері - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы жолдауының аясында – Елбасы Н.А. Назарбаевтың "Тәуелсіздік дәуірі" атты кітабы таныстырылды. Мемлекет басшысының кітабы- тәуелсіз Қазақстанның негізі қаланған сәттен бастап, бүгінгі күнге дейінгі құрылу кезеңдері баяндалған тарихи жанрдағы басылым. "Қазақстандық модель" дамытудың тетіктері мен қозғаушы күштері, елді жаңғыртудың үш толқыны, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына мерзімінен бұрын ену, тоталитарлық жүйенің және нарықтық экономика мәселелерін сұрыптауды белсенді түрде жүргізу ұсынылған.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.А.Назарбаевтың "Жаңа білімді игеруге ынталандыру қабілетін үнемі дамыту - негізгі басымдық" деген тұжырымдамасын қолдады және осы жолдауды басшылыққа алып, Қазақстан үлкен жетістіктерге жетеді деп атап өтті.

Г. Жунусова