Body: 

2018 жылғы 16 желтоқсан айында қалалық мәслихат депутаты, саяси ғылымдарының докторы, колледж директоры З.С. Гаипов "Қамқор Локомотив" ЖШС-не қарасты Астана локомотив жөндеу депосының ұжымымен Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылау және түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.

Қалалық мәслихат депутаты З.Гаипов өзінің баяндамасында Елбасының 2018 жылғы жолдауындағы негізгі он міндеттерге тоқталып өтті.

Біздің мемлекетіміздің дамыған елдердің қатарынан көрінуі үшін мынадай міндеттерді шешуге жұмылуымыз керек.

Бірінші, индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс. Кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажет.

Екінші, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту. Әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады. Кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыруға мүмкіндік береді.

Еліміздегі құрылыс және инфрақұрылымды дамытудың жаңа әдістерін енгізу, ТКШ мәселелерін қарастыру да жоспарланып отыр. Осының барлығы мемлекет басшысының пікірінше, қазақстан халқының өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, Жолдаудағы "Қайта жаңғырту" қаржы секторының мәселесіне де тоқталды. Ал нақты айтар болсақ, банк жүйесінің жағдайын жақсарту, қадағалауды күшейте отырып, қарапайым азаматтардың мүдделерін ескеру қажеттігін айтты.

Жолдауда әлеуметтік бағыттарға баса назар аударылды.
Зулфухар Сұлтанұлы өзінің баяндамасында Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асырудың маңыздылығын айта отырып, әсіресе жетінші міндеттегі "Адами – жаңғыру негізі" тарауына ерекше тоқталып өтті.

Соңғы уақытта "Адами капитал" термині жиі айтылады. Менің ойымша, бұл адами капитал – ең алдымен, халықтың әл-ауқатының көрсеткіші.

Н.А. Назарбаев - цифрлық технология бизнесті реттеп жалғастыруға, мемлекеттік қызметтер мен мемлекеттік қолдаудың сапасын арттыруға және азаматтардың қажеттіліктерін толық ескеруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Өңірлердегі экономикалық дербестік және жергілікті өзін-өзі басқару кеңейтілетін болады.

Тоғызыншы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңның үстемдігі мемлекет саясаттың басым бағыттардың бірі болып қала береді.

Оныншы, "Смарт-сити" технологиясын енгізу өркендеп келе жатқан қалаларды дамытудың тиімді шешімдері және инвесторлар үшін оларды тарту санының арттыруына мүмкіндік береді.

"Қамқор Локомотив"ЖШС -нің әкімшілігі осы жолдауды басшылыққа ала отырып, депо ұжымы міндетті түрде үлкен табыстарға қол жеткізетініне сенім білдіретінін айтып өтті.

О.Жунуспеков