Body: 

2018 жылғы 15 желтоқсан айында қалалық мәслихат депутаты, саяси ғылымдарының докторы, колледж директоры З.С. Гаипов студенттермен Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылау және түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.

Колледж директоры З.С. Гаипов өзінің баяндамасында Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауы – бұл нақты бағдарламалық құжат, онда еліміздің одан әрі дамуының негізгі бағыттары, таяу жылдарға арналған мемлекет дамуының маңызды басымдықтары, Қазақстанның жаңа белестерге шығуының нақты қадамдары көрсетілгенін атап өтті.

З.С.Гаипов жолдаудағы экономика, қаржы, жаңа технологиялар, цифрландыру, әлеуметтік саланы жақсарту, мемлекеттік аппаратты жетілдіру сияқты - 10 басты бағыттардың өзекті тақырыптарын атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру білім беру жүйесіне байланысты болмақ, педагогтардың кәсіби дамуына түрткі болады және адами капиталды дамытуға жағдай жасайды. Қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылық, келісім мен бірлік болуы тиіс, себебі бұл ұлттың жаңа кезеңдерінің міндеттерін табысты іске асыруының басты шарты. Қазақстан тарихындағы ең қиын жылдары - халықтың бірлігінің арқасында күрделі жағдайлардан лайықты түрде шыға білді, өйткені біз көп ұлттан тұратын елміз.

Кездесуде Зулфухар Сұлтанұлы мен студенттер - Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін жүзеге асыру жолдарын талқылады.

Біз өз мемлекетімізге сенеміз, уақыт көрсеткендей, мемлекетіміздің таңдаған жолы, жүргізіліп жатқан реформалары, біздің елімізде табысты жүзеге асырылуда.

О. Жунуспеков