Body: 

Колледждің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес ай сайын педагогтар үшін оқыту семинары өткізіледі. Семинар тақырыптары оқыту әдістемесі, педагогика мен психология негіздері, оқытудың озық технологиялары, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, сабақтарда студенттердің жұмысын ұйымдастыру әдістерін қамтиды.

2018 жылғы 26 қаңтар айында оқытушыларға арналған "Оқытушылардың жұмысқа деген қабілеттілігін арттыру" атты семинар-тренинг өткізілді.

"Бөлке нан" және "7 факторлар" бойынша оқытушылардың командалық жұмыстарымен тренингтер өткізілді. Оқытушылар командамен жұмыс істеуді, жалпы мәселелердің ортақ шешімдерін табуды меңгерді. Команда өз кезегімен өнерлерін көрсетіп, өздерінің жұмыстарын таныстырып отырды. Тренингтің тапсырмаларын орындай отырып, оқытушылар бір-біріне сену, айқын ойлау, мұқият тыңдау, серіктесін құрметтеуге үйренді.

Оқытушылар назарына "Егер жұмыс істеуге деген ынтаңыз жоғалса ..." атты презентация ұсынылды, онда жұмысқа деген қабілеттілігін арттыруға көмектесетін қайырымдылық мен мейірімді көңіл-күйлер талқыланды.

Бұл колледждің әдістемелік жұмыстарындағы жалғыз іс-шара емес. Жас педагогтар үшін айына екі рет оқыту семинарлары өткізіледі. Семинардың тақырыптары - сабақ жоспарларын даярлау, сабақ түрлері, оқыту әдістемесі, тәжірибесі мол оқытушылармен тәжірибе алмасу, ақпараттық коммуникативтік технология әдістерін қолдану, сабақтарда және бірлескен жұмыс үшін студенттерді кіші топтарға бөлу әдістерін қамтиды.

2018 жылғы 25 қаңтар айында "Күнделікті сабақ жоспарын даярлау және баспасөз басылымына жариялау үшін мақалалар" тақырыбында семинар-тренинг өтті. Колледж оқытушылары Жанбосынова М. А., Жаппарова К. И., Ныгметжанова А.З., Жанабаева Г.М. өздерінің жарық көрген баспа материалдары, сертификаттар мен мақтау қағаздары, газет-журналдарға жарияланған материалдары туралы толық ақпараттар берді.

Сондай-ақ, "Сиқырлы шам" семинар-тренингі өткізілді. Онда әрқайсысы жұмысқа қатысты үш қалаған өзгертулері туралы жазған, және әрбір топ әріптестеріне өздерінің жұмыстарын таныстырды. Бұл жаттығулар қатысушылардың өз кафедрасындағы көргісі келетін өзгерістер мен оған өзінің қосқан үлесі туралы ойлануға мүмкіндік берді.

Өткізілген іс-шаралар колледждің жалпы әдістемелік жұмыстарын жетілдіруге және білім беру мен оқыту әдістемесі бойынша оқытушылардың білімдерін тәжірибеде бекітуге ықпал етті.

Әдіскер Ж. Т. Мылтықбаева