Body: 

27 қаңтар күні колледждің мәжіліс залында топ жетекшілері әдістемелік бірлестігінің 2017-2018 оқу жылының 3 отырысы өтті. Жиналыста бөлім меңгерушілер, топ жетекшілері мен құрылымдық бөлімшелер жетекшілері қатысты. Күн тәртібінде келесідей 5 сұрақ қарастырылды:

1. Колледжде «Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясын ендіру бойынша жүргізілген жұмыстар
2. Әлеуметтік педагогтың педагогикалық ұжыммен жүргізетін жұмысының тиімділігін арттыру
3. «Аутодеструктивті жағдайды алдын алу шаралары» баяндама
4. Студенттерді әлеуметтік қайырымдылық, ізгі ниеттілік, әлеуметтік теңдік, конфессияаралық және этникалық толеранттық және т.б акцияларға тарту.
5. Әр түрлі.

Бірінші сұрақ бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының А.Т. Далабаева топ жетекшілеріне колледжде «Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясын ендіру бойынша жүргізілген жұмыстар жайлы айтып өтті.

Аутодеструктивті жағдайды алдын алу шаралары жөнінде психолог педагог Э.С. Бегалиева сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді.

Студенттерді әлеуметтік қайырымдылық, ізгі ниеттілік, әлеуметтік теңдік, конфессияаралық және этникалық толеранттық және т.б акцияларға оның ішінде колледж ресурстарды қолдану арқылы тарату, үйірмелер жұмысы жөнінде «Жастар ісі жөніндегі комитеті» инспекторы А.Мұратұлы сөйледі. Өз сөзінде ол оқытушылардан студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында пәндік үйірмелерге көптеп студенттерді тартуға шақырды.

Келесі сұрақтар бойынша топ жетекшілері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Г.К. Айгужина сөйлеп, 2017-2018 оқу жылына екінші жарты жылдығына арналған тәрбие жұмысының тақырыбымен таныстырып, колледж кітапханасындағы топ жетекшілеріне арналған журналдар мен әдебиеттер жайлы айтып өтті. Отырыс барысында топ жетекшілері қызықтыратын сұрақтар қойып диалогқа белсенді түрде қосылып отырды.

Айгужина Г. К.