Body: 

Жол қауіпсіздік ережелері.

2018 жылғы 9 ақпан күні колледжде Астана қаласы «Сарыарқа» аудандық Ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты З.М. Гумарова және Жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция бөлімінің өкілі, полиция лейтенанты У.Н. Боранбаева студенттермен «Жол қауіпсіздік ережелері» тақырыбында дәріс өткізді.

Іс – шара мақсаты – студенттерді Қазақстан Республикасының жол қауіпсіздік ережелерімен, сонымен қатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық кодексімен таныстыру, түсіндіру, кеңес беру жұмыстарын жүргізу.

Кездесу соңында З.М. Гумарова студенттерге жасөспірімдер тарапынан орын алатын түрлі ұсақ құқықбұзушылық, бұзақылықтың жақсылыққа әкелмейтінін түсіндірді. Сол себепті әр азамат өз құқықтары мен міндеттерін біліп, құқықтық сауатты болу керектігін айтты.

А. Мұратұлы