Body: 

4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруларына қарсы күрес күні аталып өтуде. 2018 жылғы 5 ақпан күні колледжімізде Көліктегі Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті дәрігерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында дәрігерлер қатерлі ісік аурулары жайлы айтты. Олар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Кездесу барысында жастарға қатерлі ісік ауруының неден пайда болатыны, оның қалай таралып, таралу жолдары айтылды. Сонымен қатар электронды темекі мен қор-қордың зияны туралы ақпарат берілді.

Кездесу кезінде дәрігерлер әр адамның денсаулығы өзіне маңызды екенін айтты. Әңгіме соңында дәрігерге студенттер өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, лайықты жауаптарын алды. Кездесу қызықты, әрі пайдалы болды.

А. Мұратұлы