Body: 

2018 жылдың 9 ақпанында колледж қабырғасында «Кел, билейік» байқауы өтті. Мерекелік кештің өткізілуіне келесідей жұмыстар жүргізілді: репертуар мен сахналық образды таңдау, қойылымды ұйымдастыру, және күнделікті дайындықтар. Әр жұп оқытушы мен студенттен тұрды.

Мерекелік іс-шаралар колледжде жыл сайын өткізіледі. Би байқауы үш жанр бойынша өткізілді: ұлттық би, заманауи би және вальс.
Қатысыушылармыздың өнерін қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасының мүшелері: оқытушы -хореграф Елегенова Дамеш Шерниязқызы, Астана қаласы Мемлекеттік академия филармониясының «Эстрада» би ансамблінің солисті Катуов Ерназар және колледждің кітапхана меңгерушісі Жунусова Гулмира Болатқызы.
Би өнерінің түп-тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алып, халықтың тұрмыс-тіршілігінің айнасы болып табылады. Әрбір би халықтың салт-дәстүрін, жан дүниесін көрсетеді.

Көрермендер жақсы жанкүйер бола білді және де байқау қатысушыларына қолдау көрсетті. Байқаудың қортындысы бойынша I- орынды «ЭТХ» кафедрасының оқытушысы Касымова Самал Жумабаевна мен Бонковский Никита (4ЭТХ-114 тобының студенті), II- орынды «Д, ОПУД» кафедрасының оқытушысы Сагындыкова Еркеназ Серикқызы мен Тұратқанов Амир (2Д-216 тобының студенті), III- орынды «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының оқытушысы Орынова Айжан Құдайбергенқызы мен Гасанов Махмед (2РЭС-116 тобының студенті) иеленді. Қазылар алқасы әрбір жұптың өнеріне баға беріп, алғыстарын білдірді. Барлық қатысқан жұптарға мақтау сөздер айтылып, құнды сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Г.Айгужина