Body: 

2018 жылғы 7 ақпанда колледжде Астана қаласы № 3 емханасының дәрігері Ж.А.Жапаровпен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – жастар арасында вирусты гепатиттің алдын алу, аурудың белгілері мен емделуі туралы ақпарат беру.
Өз сөзінде дәрігер «Біздің мақсатымыз – вирусты гепатит туралы нақты ақпаратты беру және бұл аурудың таралмауына жағдай жасау» деді.

Кездесу барысында дәрігер ЖРВИ, туберкулез аурулары туралы жалпы түсініктеме берді. Олар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Кездесу соңында студенттер дәрігерге өздерін мазалап жүрген сұрақтарды қойып, толыққанды жауап алды.

А. Мұратұлы