Body: 

2018 жылғы 15 наурызда "Көлік және коммуникация колледжі" МКҚК базасында Астана қаласы ТжКБ білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын іске асыру" атты қалалық әдістемелік семинар өткізілді.

Семинар жұмысы "Қолданбалы бакалавриатты енгізу" кластерді аясында өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары: Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы және Көлік және коммуникация колледжі. Семинарға Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскер Исина Нағима Саткеновна және колледж директорларының оқу жұмысы бойынша орынбасарлары қатысты.

Семинардың қатысушыларына Н.С.Исина қаладағы жаңа Білім беруді жаңғырту орталығы, оның мақсаттары мен міндеттері, оқу орындарының рейтингтегі, қалалық колледждердің базасында өткізілетін эксперименттік алаңдардар, соның ішінде қолданбалы бакалавриатты енгізу бойынша эксперименттің дайындығы туралы әңгімеледі.

Қолданбалы бакалавриат деңгейде мамандарды даярлауды жоспарлаған барлық білім беру мекемелері өкілдерімен талқыланған осы мәселелер өзекті болды, өйткені әрбір колледж үшін осы мәселелер және оларды шешу жолдары бірдей.

Қатысушылар алдында қолданбалы бакалавриатқа дайындаудың халықаралық тәжірибесі және колледждің неге мұндай бастапқы алаңы болуы тиістігін "Кәсіпқор" холдингі"КЕАҚ штаттан тыс жаттықтырушы Р.С. Ермаханова айтып өтті.

Колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Л.И. Матвеева эксперименттік білім беру бағдарламасы және эксперименттік оқу жоспары бойынша даярлықтың әрбір кезеңі туралы айтып берді. Ал "Электробайланыс" кафедра меңгерушісі Л.А. Осташова эксперименттік бағдарламаны әзірлеудегі әлеуметтік әріптестердің және кафедралардың рөлін түсіндірді. Семинарға қатысушылар осы бағдарламаларды іске асыруда өз тәжірибелерімен бөлісті, сұрақтар қойып, диалог түрінде белсенді қатысты. Соңында өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстар айта отырып, коучинг өткізді.

Семинардың қатысушылары ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді және осындай маңызды іс-шаралар аясында одан әрі жемісті қарым-қатынаста болатынына сенім білдірді.

Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Л. Матвеева