Body: 

2018 жылғы 2 ақпанда колледж студенттері Астана қаласы «Құқық» қоғамдық қорының дәрігері мен заңгер маманы А.С. Даутова және А.Е. Онгарбекпен кездесу өткізді.


Кездесудің мақсаты – студенттерге «Жаңа ҚР ҚК, ҚР ҚОК, ҚР ӘҚБК аясындағы кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктері туралы» толық ақпарат беру. Тренинг «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі», «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік құқықбұзушылық жауапкершілігі» және «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қарым-қатынаста болмауы» деген тақырыпта өткізілді.

Тренинг барысында заңгер маман студенттерге қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтың кәмелет жасқа толмағандардың арасында неше жастан басталып, қандай жауапкершілікке алынатыны туралы түсіндірілді. Сондай-ақ студенттердің жалпы құқықбұзушылық тәртібіне жауап бере алатын заңды тұлға - ата-аналары екені баса айтылды.

А. Мұратұлы