Body: 

2018 жылғы 17 ақпан айында "Түлектер ассоциациясы" жұмысының аясында "Тасымалдауды ұйымдастыру және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару" мамандығының студенттері мен "Конкурент – Б" ЖШС директоры Б.Р Кадиров және колледждің әрбір жылдарында бітірген түлектермен кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты - түлектерді болашақта жұмысқа орналастыру үшін өндірістік практиканы компанияда өткізуді ұйымдастыру.

Кездесу бейресми диалог түрінде өтті. Кәсіпорын директоры Б.Р. Кадиров өзінің өмір жолы мен осы колледждің 2009 жылғы түлегі екендігін айтып өтті. Өзінің еңбек жолын Астана станциясында пойыз құрастырушысынан бастап, станция бастығы қызметіне дейін жеткен.

Содан кейін "Өмірімді өзгерту үшін темір жол көлігі объектілерін жобалау бойынша кәсіпорнын ашуды шештім. Міне, компания еңбек нарығында жеті жыл жұмыс істейді. Осы жобалар, оның ішінде Астана қаласы Көлік-логистикалық орталығы және Құрық портының станциясы туралы жақсы пікірлер бар"- деп атап өтті..

Компанияда жобалаушы болып жұмыс істейтін Нуркеева А. (2009 жылғы түлегі) және Тихий В. (2017 жылғы түлегі) студенттермен өздерінің өмірлік жолдарының кезеңдерімен бөлісті.

Студенттер компанияда өткізілген "Сұрақ-жауап" диалогына белсенді қатысып, сынақ балл көрсеткішін жинап үлгерді. Үздік нәтиже көрсеткен студенттер: Савченко А., Жукова А., Каусбаева Д., Хамитов А., Бредгауэр В., Какимова Д.

Кездесу соңында Астана қаласының жаңа Көліктік-логистикалық терминалы мен кәсіпорын офистеріне экскурсияға шақырылды. Студенттер мен оқытушылар осы шақыруды қызығушылықпен қабылдады.

Қонақтар студенттерге биік мақсаттарға ұмтылып, сол мақсаттарға қол жеткізе білуге тілек білдірді.

Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Л.И. Матвеева