Body: 

2017 жылғы 22 ақпанда колледжде Астана қаласының 20 жылдығына орай колледж студенттерінің арасында жас ұрпақтың еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық рухты көтеретін әндерді насихаттау мақсатында «Аялаған Астана» атты патриоттық әндер байқауы өтті.

Байқауға түрлі бөлімдерден 8 өнерпаз қатысты. Әділқазылар алқасының құрамына «Астана» опера балет театрының әншісі Мағжан Аманжолов пен әнші, композитор Үкітай Ерниязов еніп, төрелік жасады, өнерпаздарға алғыс-тілектерін білдірді.

Мерекенің ашылу салтанатында Зулфухар Сұлтанұлы Н.Назарбаев атындағы Білім фондының ғылыми кеңесшісі, «Сапа және білім» қоғамдық фондтың президенті, педагогикалық ғылымының кандидаты Вассерман Федор Яковлевичті қалың аудиторияға таныстырды. Федор Яковлевич құттықтау сөзінен кейін колледжде қолдау тапқан «БиС» технологиясы бойынша атқарылатын жұмыс нәтижесінің жетістігі жоғары болатынына сенім білдірді.

Аталған технолгоия аясында көптеген жұмыстарды атқаруда ауызбіршілік пен тығыз қарым-қатынасқа шақырды.

Қазылар алқасының шешімімен байқаудың бас жүлдесі Қаратай Санжарға, I-орын - Оршыбеков Дарханға, байқаудың II-орын жүлдесі екі өнерпазға, яғни Искакова Айнұр мен Адал Асхатқа берілді. III-орынды Жетпісова Адема мен Жаңғабыл Жанболат иеленді. Қатысушыларға байқаудың дипломы тарту етілді. Байқау соңында қазылар алқасының мүшелері Мағжан Аманжолов пен Үкітай Ерниязов әннен шашу шашты.

Далабаева А.Т.