Body: 

2018 жылдың 21 ақпанында колледждің конференц залында іс қағаздарын жүргізу бойынша семинар болып өтті. Семинар тақырыбы:«Құжаттама жасау және құжаттаманы басқарудың қағидалары».


Семинарды іс-жүргізуші маман Ф. Нуржакупова өткізді. Аталмыш семинарға колледж директорының орынбасарлары, бөлім меңгерушілері мен оқытушылар қатысты. Семинар барысында колледждегі кіріс, шығыс, ішкі құжаттардың жүргізілу тәртібі мен тиісті ережелер жөнінде сөз қозғалды.

Колледждегі құжаттама жасау және құжаттаманы басқарудың қағидалары Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №144 бұйрығының қосымшасына негізделіп жасалынған. Осы бұйрықты негізге ала отырып, әрбір кафедра оқытушылары, басшылық құрамы құжаттармен жұмыс жүргізеді. Негізгі қойылатын талаптардың бірі тіл тазалығы мен сауаттылығы, грамматика болып табылады. Бұйрық бойынша қойылатын талаптар мен ережелер сәйкесінше болу керектігі баса айтылды.

Кадр бөлімінің инспекторы Р. Кусайынова