Body: 

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында колледждің Акт залында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Аялаған Астана» тақырыбында оқытушы мен студенттің жұптық қатысуымен «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті.

Байқаудың шымылдығын былтырғы «Екі жұлдыз» байқауының жеңімпаздары болған оқытушы Жазира Шаяхметова мен студент Диас Алдасүгіров сазгер Ш.Қалдаяқовтың «Өмір-өзен» әнімен ашты. Байқауға жеті жұп қатысып бақ сынасты.

Қазылар алқасының шешіміне көрермендер де дән риза болып, үлкен қошемет көрсетті. Қалған қатысушыларға Алғыс хаттар табысталып, құттықтау сөздер айтылды.

Көңілді, әуезді, ырғақты әндер шырқалып, әр ән кішігірім көрінісімен өрнектелді.

«Екі жұлдыз» ән байқауы колледждің тәрбие жұмысы бойынша дәстүрлі атқарылатын іс-шараға айналған.

Н.Сейтмуртов