Body: 

2018 жылғы 2 наурызда 1410000-"Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы" және 1107000 – "Көтергіш-көлік құрылысы, жол машиналары мен жабдықтарын темір жол көлігінде техникалық пайдалану» мамандықтары бойынша бітірген колледж түлектеріне салтанаты түрде дипломдар табысталды. Ерекше үлгідегі дипломға 9 студент бітірген, қалған 42 студент қалыпты үлгідегі диплом алды. Колледждің қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін грамоталар табысталды. Бұл бітіруші түлектер үшін жарқын оқиға. Топ жетекшілері мен студенттер музыка әуенімен залға кіріп, өздеріне арналған ұмытылмас концерттік бағдарламаны тамашалады.

Колледж – бұл студенттер өмірінің қызықты сәттерін өткізетін, өз бетінше шешім қабылдауға және өздерінің істеген істеріне жауап беретін орны. Бітіруші түлек үшін бұл күн - айтулы оқиғаларға толы.

Себебі оқудан кейін оларды еңбек күндері күтеді, оның үстіне оларға соншалықты жақын болып үлгерген адамдарымен қоштасатын сәті туады. Оқу кезіндегі бақылау жұмыстары, емтихандар және сынақтар — бұл өмір дайындаған сынақтармен салыстырғанда әлде қайда жеңіл екендігін түсінеді.

Қонақтар арасында оқытушылар ғана емес, ата-аналары, сүйікті достары болды. Түлектерге көптеген тілектер айтылды. Өмірде өздеріне лайықты жұмыстарын жалғастырып, білімі мен кәсіби деңгейін жоғарылатып, өмірдегі өз орындарын табуға тілек білдірді.

"Сәт сапар бітіруші түлектер! Біздің колледждің түлегі атағын абыроймен алып жүрулеріңізге тілектеспіз!

Е.Б.Тарасова