Body: 

Колледжде жас мамандарға арналған оқыту семинарлары жүйелі түрде өткізіледі. 2018 жылдың 1-наурызында жас мамандармен кезекті семинар, оқыту пәндері бойынша электронды білім беру ресурстарын даярлау әдістері тақырыбында өтті.
Семинарда дәрістік, тәжірибелік, тестілеу материалдарын даярлау және ұсыну әдістемелері қарастырылды. Электрондық әдістемелік әзірлемеге қойылатын талаптар және электронды білім беру ресурстарын рәсімдеу реті туралы айтылды.


Оқыту пәндері бойынша сабақ әзірлемесін республикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақ педагогикасы», «Просвещение» журналдарында жариялаған оқытушылар Г.Марданова, У.Бахыт, С.Накенова, А.Айымсал, алғашқы тәжірибелерімен бөлісіп, баспа материалдары мен сертификаттарын әріптестеріне ұсынды

Семинар соңында, жас мамандармен «Менің жанымның үйі» атты тренинг өткізіліп, оқытушылардың бір-бірінің жағымды жақтарын нақтылауға, бір-бірін түсіне білуге жағдай жасалды.

Әдіскер Ж.Т.Мылтыкбаева