Body: 

2018 жылғы 21 сәуірде Астана қаласында «Біз таза Елорданы қолдаймыз» акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік күні өтті.

Осы аталған шараға Көлік және коммуникация колледжінің студенттері мен оқытушылары және қызметкерлері бір адамдай ат салысып, қаламыздың сәнін келтіруге өз үлестерін қосты.

Сенбілік аясында ЖІК белсенділері мен СМиК мүшелері «Біз – таза қала үшін» флешмоб-акциясы ұйымдастырды. Осыдан кейін оқу орнының ауласы мен колледж маңындағы аумақтар тазаланды. Барлық қатысушылар еңбек құралдарымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар жатақханаларымыздада сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараға жалпы саны 1400-ге жуық адам қатысты. Елордамыздың сәнін келтіруге тырысқан студенттеріміз бен оқытушыларымыздың күш-жігерін ынталандыру мақсатында сенбілік жұмыстары әсем әнмен өрнектеліп отырды.

А. Мұратұлы