Body: 



Маусымның 8-і күні Көлік және коммуникация колледджінің сырттай білім алған 130 жас мамандарға салтанатты түрде дипломдарды табыс ету шарасы өтті.


Мамандарды даярлауды астаналық кәсіпорындар мен мекемелер де атсалысатының атап өту қажет, олардың қатарында «Қамқор Менеджмент» ЖШС-і де бар. Дәл осы серіктес бөлген грантының арқасында биылғы жылы білім ордасын 14 жас маман тәмамдап отыр. Айта кетерлігі, студенттер өндірістен қол үзбей отыра білім алуға мүмкіндік алды.


Сөз кезегін алған Зұлфухар Сұлтанұлы, колледж барлық қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталғанын, ал бұл өз кезегінде білікті мамандарды даярлауға әсер ететінін айта кетті.


Бұл мерекелік күні өздерінің кәсіби дипломдары бар әріптестерін құттықтауға «Камкор Менеджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аппарат басшысы Жусупова Қолғанат Курашевна, «Қамқор Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бас директоры Мурат Мухаметкалиұлы және «Камкор Вагон» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бас директоры Тулебаев Сакен Коптлеуович келді. Іс шараға шақырылған қонақтар өз кезектерінде бұл істе кәсіби білімін маңыздылығын тілге тиеп етті. Сондай-ақ түлектерге жұмыс орнында күтіп жатқандықтарын да айтты. Жас мамандарын құттықтап, оларға сәт сапар тілеген колледж директоры Зұлфухар Сұлтанұлы Гаипов қонақтарға кәсіби кадрларды даярлауға қосқан үлестері үшін ризалығын білдіріп алғыс хаттарын табыс етті.


Шараның салтанатты бөліміен соң, қонақтар мен кеш иелерінің назарына мерекелік концерт ұсынылды.



Сырттай бөлім меңгерушісі Канапина А.К.