Body: 

2019 жылдың 26 наурызында колледждің мәжіліс залында «Көлік және логистика» жетістік кластері бойынша семинар өтті. Семинарға қалалық колледждер оқытушылары мен әлеуметтік серіктестер қатысты.
Семинардың ашылу салтанатын колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Есенбекова А.Е. атқарды.
Сөзінде кластердің атқарып жатқан жұмысының маңыздылығын, оның колледж жұмысына тигізетін әсері мен нәтижелілігі жөнінде айтып өтті.
Семинарда алғашқы болып сөз сөйлеген қаламыздың Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Көшербай Жанар Арнауытқызы, жиналған көпшілікке кластерді құру мақсаты мен миссиясы, оның атқарып жатқан жұмыстары жөнінде ақпарат берді.
Семинарға колледжіміздің әлеуметтік серіктестері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральді желі дирекциясының 1 деңгейдегі менеджері
Бегалинов Канат Кабибулович және «Каздорнии» лаборатория басшысы Кабдыгалиева Мейрамгуль Кенжегалиевна қатысты.
Келген қонақтар өз баяндамаларында қазіргі қолданып жүрген технологиялар мен темір жол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігінің талдауының жаңа тәсілдерімен таныстырды. Серіктес колледждерден келген әріптестер пікірталасқа қатысып, сұрақтар қойып, оларға қанағаттанарлық жауаптар алды. Біздің колледждің оқытушылары Ермаханова Р.С., Касымова С.Ж. және Аубакирова Т.Н. баяндамаларын оқыды.
Семинар соңында келген қонақтар колледждің материалды-техникалық базасымен танысып, колледждің музейіне экскурсия жасады.

 

 

Директордың ОӨЖ орынбасары Жунуспеков О.Х.