Body: 

2019 жылдың 4 мамыры күні Ұлы Жеңістің 74 жылдығына және Қазақстан Қарулы Күштерінің 27 жылдығына арналған саптық ән байқауы өтті. Бірінші курс студенттерінің арасында жыл сайын өтетін дәстүрлі шараға биылғы жылы да студенттер белсене қатысты. Жастардың бойына отаншылдық рух пен патриоттық сезім ұялатып, елі мен жеріне деген сүйіспеншілікті оятатын аталмыш шараның берері мол. Сол үшін де колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы бұл шараны жыл сайын қадағалап, басы қасында болады. Салтанатты түрде шырқалған ән ұраннан кейін сөз сөйлеген колледж директоры Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 74 жыл және ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 27 жыл толуымен жиналған көпшілікті құттықтады. Бүгінде Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында армандап жеткен тәуелсіздігімізді қорғап, елімізбен жерімізге жау аяғын бастырмайтын қуатты армиямыздың қалыптасқанын, бүгінгі ұл мен қыз ертеңгі елдің қорғаны екенін баса айтты.
Он алты топ бақ сынаған сайыс үш кезеңнен тұрып өте тартысты өтті. Бірінші кезеңде сымдай тартылған саптық жүрістері сыналып, қатысушылардың аяқ алыстарымен киім үлгілері бағаланды. Екінші сайыс бойға рух беретін патриоттық әндер шеруі болса үшінші сайыс Ұлы Жеңіспен ерлікті, батырлықты бейнелейтін плакаттарға ұласты. Дүбірлі жарысты Нұр-Сұлтан қаласы құрлыс техникалық колледжінің, қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің, Қазақ технология және бизнес университеті колледжінің, политехникалық колледждің АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларымен ІІМ ұзақ жылдар қызмет атқарған директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары Айдархан Керейұлы қазылық етті. Сайыс қортындысы бойынша бас жүлдені бағымен бабы қатар шапқан 1ЭМ-418 тобы жеңіп алып, колледждің ауыспалы кубыгына ие болды. Көзге түскен взвод командирлеріне алғыс хаттар табысталды.

АӘД пәнінің оқытушысы С.Бекболатұлы