Body: 

2019 жылдың 8 мамыр күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар және 9 мамыр - Жеңіс күніне орай «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты мерекелік концерт өтті.
Алғы сөзді колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы бастап, соғыс пен еңбек ардагерлерін құттықтап өтті. Ұлы Жеңістің тарихи маңыздылығын атай отырып, ерен ерлікке тағзым ету мәңгілікке жалғасатынын атады.
Қос мерекені біріктірген концерттің қонақтары - еңбек ардагерлері болды. Социалистік еңбек ері Есенжолова Сабира Абдрахмановна, колледж ардагері Титенков Леонид Петрович, Көктал кентінің құрметті тұрғыны, қария Жанаев Жеңіс Темискенович бүгінгі жас буын студенттерге дана сөздерін айтып, ізгі баталарын берді.
Келесі кезекте Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың алғыс хаты Байдильдин Ерхан Шөптібайұлына берілді. Жастар жылында өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жолында үлкен жаттықтырушы еңбегін жоғары бағалап, қошеметке бөледі. Білім басқармасының Алғыс хаты Дарибаев У.Е., Бекболатұлы С., Кусайынов С.А., Байтайляков А.Т. сынды оқытушыларға табысталды. Мерекеге орай колледж директорының Алғыс хатын Хаметов С.Ш., Джумабаев А.С., т.б. оқытушылар алды.
Думанды салтанатты іс-шарада «Синий платочек», «Ана туралы баллада», «Мәншүк», «Әлия», «День Победы» әндері шырқалды. Соғыс жылдары шырқалған әндерімізді ардагер қарияларымыз ыстық ықыласпен, сағынышпен қабылдады. Ардагерлер , ақ жаулықты аналар мен қазыналы қариялар ән әуеніне қосылып, вальс биін биледі. Алысқа ұзаған балалық кезді, естелікпен оюланған жастық кезді еске алып, көктемнің шуақты күніндей жадырап қалды. Үлкен ілтипатпен қарсы алған колледж ұжымына және директорымыз Зулфухар Сұлтанұлына ақ тілек-баталарын білдіріп, мол несібені тіледі. Ардагерлерге сый-сыяпат табысталды. Концерттің соңы естелік суретке түсумен жалғасты.
Ұлы Жеңіс ғасырлық уақыт межесіне жақындап қалды. Сол күндердің көзі тірі батырлары – бүгінгі соғыс ардагерлерімізге амандық тілеп, келесі Жеңіс жылында жүздесуге жазсын демекпіз!

Топ жетекшілер ӘБ жетекшісі А.Е. Дюсекова