Body: 

2019 жылдың 9 мамыры күні колледж студенттері мен оқытушылары қарт теміржолшыларға арнап мерекелік кеш өткізді. «Вокзал для двоих» мейрамханасында бас қосқан темір жол ардагерлері өздерін Ұлы жеңіс күнімен құттықтай келген жастарға дән риза болды. Талай боздақтың өмірін қиған сұм соғысты үнсіз еске алған сәтте көздеріне жас алған қарттар, сол бір
естен кетпес зұлматты шақтар туралы студенттерге айтып, ешқашан соғыс болмасын деген тілектерін жеткізді. Ардагерлерге арналып соғыс жылдарындағы және кеңестік дәуірдегі әндер шырқалып билер биленді. Ақ жарқын ата-әжелер студенттермен қосылып көңілді ән айтып, ортаға шығып би де биледі.
Қарттармен жастар қосылып тойлаған мереке соңында сөз сөйлеген депо директоры әр мерекеде құттықтап, қарттардың көңілін көтеріп жүрген колледж студенттерімен ЖІК инспекторына зор алғысын білдірді.

ЖІК инспекторы Ұланбек Бақыт