Body: 

Мамыр айының 10-шы жұлдызында колледжімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру үрдісіне қоғамның кең ауқымын тарту мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманың негізгі ережелері мен ұсынымдарын кеңінен жариялау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін колледж ұжымымен жиналыс ұйымдастырылып, өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама Агенттікпен Елбасына енгізілетін өзекті құжаттардың бірі болып табылатындығы сөзсіз. Осы орайда, колледжіміздің «Құқық» пәнінің оқытушысы Г.С.Чалгинбаева аталмыш құжатпен колледж ұжымын таныстыру, түсіндіру және талдау жұмысын жүргізді.
Гүлназ Сұлтанғазықызы Ұлттық баяндаманың сыбайлас жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейлерде таралу жай-күйі мен үрдістерін талдау мен бағалауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру және жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қамтитындығына баса тоқталды. Ұлттық баяндаманың құрылымымен таныстыра келе, Г.С. Чалгинбаева 4 тараудан тұратын негізгі бөлімді таныстыруға көшті.
Ұлттық баяндама келесі тарауларға бөлінген:

1. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негіздері

2. Халықаралық және ұлттық деңгейде сыбайлас жемқорлықтың таралу жағдайы мен үрдістері

3. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесі

4. Азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуетін нығайту.

Баяндама барысында мынадай нақты фактілер аталып өтілді:

• 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан СЖҚИ бойынша 31 балл жинап, 180 елдің ішінде 124 орынға тұрақтап, Орталық Азия өңіріндегі үздік көрсеткішке ие.• Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес 2018 жылы 2375 сыбайлас жемқорлық тіркелген.
• Соттар 2018 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша 1079 адамды соттаған (2016 ж. – 903, 2017 ж. – 1001).

Жиналыс соңында сұрақтар қойылып, талқылау жұмыстары жүргізіліп, пікірлер айтылды.
2018 жыл – Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының қалыптасу және даму тарихында маңызды рөл атқарған жыл болғандығы анық.

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы Г.С. Чалгинбаева