Body: 





06.01.2023 г.

КЕЗЕКТІ ЖАС МАМАНДАР ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ!

Колледжде 2023 жылдың 06-қаңтарында жас педагогтарға «Жас маман мектебі» жұмысы аясындағы кезекті оқыту семинары өткізілді. Семинарда психолог Э.С.Бегалиева оқытушылармен «Оқытушының психологиялық портреті» тренингін өткізіп, түрлі техникалар мен әдістерді жас мамандармен іс-жүзінде орындап шықты. Сонымен бірге сабақтарда студенттермен жеке жұмыстарды ұйымдастыру формаларын түрлендіру туралы айтылды. Әдіскер Ж.Т.Мылтыкбаева жас оқытушылардың сабаққа дайындалу барысында білім алушылардың жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, тапсырмаларды деңгейлеп дайындауын, сабақта берілген тапсырмалардың толық орындалуын қамтамасыз ету жайлы әдістемелерді ұсына отырып, түсініктеме берді.
Жас оқытушылардың кезекті отырысына колледж директоры Б.Е.Капезов қатысты.
Отырыс соңында кері байланыс өткізіліп, жас мамандарда туындаған сұрақтарға әдіскер Ж.Т.Мылтыкбаева жауап берді.
Әдіскер: Мылтыкбаева Ж.Т.