Body: 





20.01.2023 г.

Менің қалам( ауданым, ауылым) сенің атауыңда тұрған не бар? Кітапханалық сұрақ жауап сағаты.

2023 жылдың 20 қаңтарында Жоғарғы Көлік және коммуникация колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында ұйымдастырылған, Менің қалам( ауданым, ауылым) сенің атауыңда тұрған не бар? кітапханалық сұрақ жауап сағаты 1ПМ- 122 тобымен өткізілді. Шара барысында студенттер өздері туып өскен елдерінің мақтанышы болатын атақты қоғам қайраткерлері туралы және табиғаты туралы қысқаша әңгімелеп берді. Кітапханашы Жунусова Г.Б. студенттерге Алматы қаласының тарихын және көрікті жерлері жайында баяндалған видео фильм көрсетті. Шара соңында балалармен қазақстан қалаларының атаулары нені білдіреді деген сұрақтарға жауап беріп, қаланың орналасқан жері туралы мәліметтер беретін викторина ойынына өз жауаптарын берді. Викторинаға қатысушылар белсене атсалысып білгендерін ортаға салуға барынша тырысты.
Жунусова Г.Б.