Body: 





27.01.2023 г.

«2022 жылы оқыған ең қызықты кітап тақырыбында ВООК – Slam өтті!

2023 жылдың 27 қаңтарында Жоғары көлік және коммуникация колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында, «2022 жылы оқыған ең қызықты кітап тақырыбында ВООК – Slam шарасы өтті. Шараны өткізудегі мақсат студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту, кітап және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру. Іс – шараға қатысушылар бірнеше топқа бөлініп өздері оқыған шығармаларын талқылап, өздеріне ұнаған кітаптарын өз құрбыларына жақсы әңгімелеп берді. Әр шараны кітапхана меңгерушісі Жүнісова Г.Б. ұйымдастырып, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы Нығметжанова Н.З. 1 ЭН – 122 тобының студенттері қатысты. Студенттер ұсынылған кітаптың ерекшеліктерін талдап, оны не үшін оқу керектігін айтты. Бүгінгі күні оқырмандарға ақпаратты жарқын динамикалық және барынша қысқаша беру қажет, сондықтан book – slam форматындағы шара студенттерге ұнады және үлкен қызығушылық тудырды.

Кітапхана меңгерушісі Г.Жунусова