Body: 





31.01.2023 г.

"Бүркіт" клубының мүшелерін "Жас сарбаз" қатарына салтанатты түрде қабылдауы өтті!

2023 жылғы 31 қаңтарда әскери-патриоттық тәрбие беру және Ауғанстаннан әскерлерді шығару шеңберінде колледждің "Бүркіт" клубының мүшелерін "Жас сарбаз" қатарына салтанатты түрде қабылдауы өтті. Колледж директоры Қапезов Бірлік Еркенұлы және қонақтар: Ғалым Әбдіхамитұлы Нұртаев - Ауған соғысының ардагері; Сейлхан Темірханұлы Үйсінбеков - білім басқармасының Бастапқы әскери-техникалық даярлық пәндері оқытушыларының әдіскері,"Өркен" орталығымен байланысты "Жас Тарлан" әскери-патриоттық, спорт орталығының басшысы; Асхат Бағдатұлы Нәлшібеков - "Жас Сарбаз" республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық бөлімшесінің төрағасы, Маханбет Айдархан Шыңғысханұлы - "Жас Сарбаз"республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық бөлімшесі төрағасының орынбасары құттықтау сөз сөйледі. "Жас сарбаз" қатарына қабылдаудың негізгі мақсаты өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу, студенттердің қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру, жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын іске асыру болып табылады. Салтанатты іс-шара барысында жас "Жас сарбаздар" салтанатты ант қабылдады, ал арнайы шақырылған қонақтар куәліктерді салтанатты түрде табыс етті.