Body: 





08.02.2023 г.

«Қалам сынығы» поэтикалық центон!

2023 жылдың 7 ақпанындада Жоғарғы көлік және коммуникация колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Г.Б.Жүнісова «Қалам сынығы» поэтикалық центон өткізді.
Іс – шараға 1ЭН – 122 тобының студенттері мен «Орыс тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы Г.Ж. Бекова қатысты. Іс шара барысында студенттер поэтикалық центонның негізгі ережелерімен таныстырылды, сонда кейіні олар Крылов И.А., Пушкин А.С.., Некрасов Н.А. т.б. белгілі орыс жазушыларының шығармаларынан өлең жлодарынан центон құрастырып оқыды. Поэтикалық центон студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды, келесі студенттер ерекше белсенділік танытып, өнер көрсетті- Сарсембаева Ақнұр, Щекотко Виктория, Креленко Алевтина, Бехлер Артем. Іс – шара қызықты да танымдық және көңілді өтті. Мұндай шаралардың мақсаты – жас ұрпақтың шығармашылық ойлауы мен сөйлеуін, мәдени дүниетанымын дамыту мақсатында өткізіледі.
Жүнісова Г.Б.