Body: 





08.02.2023 г.

«Ең оқуға құштар топ» сайысы!

2023 жылдың 8 ақпанындада Жоғарғы көлік және коммуникация колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Ең оқуға құштар топ» сайысы өткізілді. Кітап – алтын қазына. Кітаппен оқырмандарды қауыштыратын рухани орда – кітапхана. Ол оқырмандар үшін үлкен тәрбие мектебі, білімділік, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы, ақпарат, насихат орталығы. Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», – деп Абай Құнанбаев айтқандай, кітап – өмір ұстазы. Сайыстың мақсаты студенттер арасында көркем әдебиет оқуды әдетке айналдырған студенттерді анықтап олардың әрі қарай да көркем шығарма оқуына қолдау жасау болатын. Сайысқа 1М-222 тобының студенттері А. Жорабаева, А. Дулат, Ұ. Баймырзаева мен Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Айжан Орынбаева, Гүлжібек Ахметова. 1ПМ – 222 тобының студенттері Э. Жақсылық, А. Ақжігітұлы, Р. Әкімжанұлы, Д. Аманжолұлы мен топ жетекшісі Айжан Калиякпарова, 1ЭН -222 тобының студенттері Баян Айқын, Зейнәділ Нұрбек, Иса Нұрсұлтан мен топ жетекшісі Таннур Жұмабекқызы қатысты. Сайыс барысында осы үш топтың студенттері өздерінің оқыған көркем шығармалары туралы баяндап шығармадан өздеріне алған әсерлерімен бөлісіті. Сайыс соңында осы үш топтың ішінде ең көп шығарма оқыған топ студенттеріне және жетекшілеріне колледж басшысының алғыс хатымен мараптатталды. Шара соңында кітапханашы Мәншүк Омарова кітапхана қорына келіп түскен көркем әдебиет кітаптарына шолу жасады. «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген қазақ даналығы бекер айтылмаса керек. Еліміздің болашағы жарқын болу үшін, ең алдымен жастарымыз білімді, кемел мінезді, ойы, сөзі, ісі бір, бәсекеге қабілетті, рухани деңгейі жоғары, кәсіби маман болуы қажет. Сайыстың мақсаты: студенттердің көркем әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыру, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
Кітапханашы: М.Омарова