Body: 





09.02.2023 г.

«Оқитын колледж» оқу челенджі!

2023 жылдың 9 ақпанында Астана қаласы әкімдігінің Жоғары «Көлік және коммуникация» колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Оқитын колледж» атты оқу челенджі өткізілді. Челендждің мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жастардың кітап оқу мәдениетін дамыту болды.
Осы іс – шара барысында студенттер Борис Васильевтің «А зори здесь тихие» кітабын таңдап, досына әңгіменің басты кейіпкерлері туралы көптеген қызықты оқиғаларын талқылады. Оқу челенджі аясында алдаңы уақытта оқытылатын кітаптардың тізімі мынадай.
Ахмет Байтұрсынұлы «Өлендер мен аудармалар»
Сайын Мұратбек ұлы «Жусан иісі»
Ілияс Есенберлин «Көшпенділер»
Ілияс Есенберлин «Алтын Орда»
Ілияс Есенберлин «Золотая Орда»
Беляева А.Р. «Человек- амфибия»
Қазіргі заманда көп кітап оқу оңай емес. Бірақ әр кітапты оқығанда өзіңізге қанша рухани әсер алатыныңызды да ұмытпаңыз.

Жунусова Г.Б.