Body: 





15.03.2023 г.

«Амал келді, жыл келді» музыкалық кеш!

Жоғары көлік және коммуникация колледжінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен Қазақ халқы "жер мен көктің жаңаруы", "тіршіліктің бастауы" және "күн мен түннің теңелген уақыты" деп Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамының бастауы 14-наурыз "Амал мерекесі" немесе "Көрісу күні"- не арналған «Амал келді, жыл келді» музыкалық кеші өткізілді. Шара барысында шашу шашылып, Көрісу күнінің шығу тарихы туралы айтылып қазақтың ұлттық ойындарының ойнау ережелерін түсіндіретін видео көрсетілді. Шараға қатысқан 1ПМ- 222 тобының студенттері бір - біріне көрісу күні айтылатын тілектерін арнады. Ұлттық мейрамның сәнін келтіретін ұлттық ойындар ойналып әнен шашу шашылды. Кенжебек Ақарыс пен Мұқан Бекарыс асық ойынының түрлерін саралап, Үш адым ойынының ойнау ережесін түсіндіріп ойнап көрсетті. Арқан тартыс ойыны көрсетілді. Шара соңында Директордың әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Чалгинбаева Гүлназ Солтангазыевна және Психолог- Ғылым Универқызы студенттерге игі тілектерін айтып құттықтау сөздерін айтты. Мерекеге арналған кітап көрмесімен таныстырылып, студенттер ұлттық тағамнанна жасалған дастарханан дәм таты.
Омарова М.М.