Body: 





11.09.2023 г.

Бірінші курс студенттері үшін діни сауаттылықты арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

11.09.2023 жылы бірінші курс студенттері үшін діни сауаттылықты арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырушы: дін мәселелерін зерттеу орталығы. Кездесу қонақтары студенттердің сұрақтарына жауап берді. Дәріскерлер Қайдар Мирас Қабиденұлы, Айдарқұл Марлен қоғамдағы діни бөліністер кейбір отбасыларға кері әсерін тигізгендегі статистикалық мәліметтерді келтіре отырып, студенттерді діни сауатты болуға, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге, ата-аналарды құрметтеуге шақырды.