Body: 

Бүгінгі таңда əлемнің көптеген ғалымдары ақпараттық зорлықтың балалар аудиториясына тигізетін жағымсыз əсері туралы ойлануда. Сол мақсатта колледжде 2017 жылғы 14-15 ақпанда студенттермен «Интернетті қолдану қауіпсіздігі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Студенттерді интернеттің қауіп қатерінен қорғау мақсатында колледждің тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері оларға ұсыныстар айтып, кеңестер берді.
.

Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы орын алған әлеуметтік желідегі қауіпті топтар туралы, агрессивті және басқа да интернетте пайда болған желілер жайында айтылды. Іс-шара барысында студенттер өздерін толғандырған мәселер жөнінде сұрақтар қойып, пікір алмасты. Кездесу соңында студенттерге интернетті қолдану қауіпсізідігі бойынша жадынамалар таратылды.

Г. Нұрқабыл