Body: 

2017 жылғы 13-16 ақпан аралығында «Астана ЭКСПО-2107» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған балалар мен жасөспірімдер арасында кезекті «Шаттық-2017» ашық шығармашылық байқауы өтті. Қалалық байқау мемлекетіміздің білім беру және мәдени әлеуеті кең ағартушылық келешегінің көмегімен жан-жақты шығармашылық тұлғаны қалыптастыру және дамытуға бағытталған. Бұл байқауға колледжден аспаптық жанрдың домбыра номинациясы бойынша 1 курс студенті Тамирлан Ерғазы қатысты. Нәтижесінде жас өнерпаз Астана қаласының Білім Басқармасы басшысы Қасымхан Сенғазыұлының дипломымен марапатталды.


Т. Каинова