Body: 

2017 жылғы 1 наурыз «Алғыс айту күні» аясында колледждің белсенді жастар бастамасымен қаламыздағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетілді.

Аталмыш іс-шараның басты мақсаты еліміздің болашағы - жастардың бойына адамгершілік, имандылық, үлкенге құрмет көрсету, патриоттық тәрбие беру сынды ұлттық құндылықтарымызды сіңіру, жастарды еңбек етуге шақыру.

Акция барысында колледж студенттері Көктал-2 ықшам ауданындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және жалғыз басты қариялардың үйлеріне барып, үй жұмыстарына қолдан келгенше көмек көрсетті, аулаларын қардан тазартып, көктемге дайындық жұмыстарын жүргізе бастады.

«Қарты бар үйдің - қазынасы бар» демекші, қарияларымыздың арамызда аман-есен жүруіне тілектеспіз. Осындай талапты жастарымыз тұрғанда халық игілігіне арналған игі істер әрдайым жалғасын табатынына біз сенеміз!

А. Мұратұлы