Body: 

2017 жылдың 21-22 наурыз күндері колледжіміздің Астана қаласының әкімшілік ғимараты алдындағы алаңдағы іс-шараларға қатысу дәстүрі өз жалғасын тапты. Мұндағы мерекелік сауық-сайранға колледжіміздің атынан көшпенді халықтың тұрмыс-салтынан хабар беретін киіз үй тігіліп, еңсесі биік Елордамыздың тұрғындары мен қонақтарына есігін айқара ашты.

Биылғы жылы Наурыз мейрамын тойлауға Астана қаласы бойынша 70-тен аса ұйым қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша біздің ұжымымыз «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» мейрамына арнлаған «Қош келдің, әз Наурыз» қалалық байқауында ІІІ орын иеленіп, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешовтың дипломын иеленді.

Барлықтарыңызды ортақ жеңісімізбен құттықтаймыз! Сіздерге Жаңа Жылда отбасыларыңызға жақсылық, дастархандарыңызға құт-береке алып келсін!!! Жанұяңызға тыныштық және бақыт тілейміз! Табыстарыңызға, жұмыстарыңызға жеміс тілейміз!


Администрация