Body: 

2017 жылдың 1 сәуірде №1 жатақханада Күлкі күніне арналған «Ойын-күлкі - витамин» атты КВН ойыны өтті. Аталған шараға жатақхана студенттерінен 4 команда қатысты:
1. «Шоумен»
2. «Ұнамаса қарама»
3. «V.I.P»
4. «NEXT»

Мақсаты: КВН-қозғалысын дамыту, дарынды жастардың бастамасын қолдап, шығармашылық потенциалын күшейту арқылы өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде жасөспірімдердің шығармашылық және интеллектуалдық деңгейін көтеру болып табылады.

Қатысушылар 3 конкурс бойынша сайысқа түсті:
1. Таныстыру;
2. Сұрақ-жауап;
3. Үй тапсырмасы.

Қазылар алқасы көрермендердің көңілінен шыққан қатысушылардың ойындарын жоғары бағалады. Қатысушы командалардың әзілдері әртүрлі өзекті тақырыптарды қозғады.

Ойынның қорытындысы бойынша, қазылар алқасы жеңімпаз командаларды анықтады. Сонымен, Гран При «NEXT» командасына бұйырды, 1 орынды «Шоумен» командасы жеңіп алса, 2 орынды «Ұнамаса қарама» командасы иеленді. Қатысушы командалар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

А.Туралиева