Body: 

2017 жылғы 4 сәуірде Астана қаласының «Наз» Мемлекеттік би театрында Астана қаласының Білім басқармасының бастауымен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің арасында жыл сайын ұйымдастырылатын «Ұлт болашағы Жастар қолында» атты көңілді тапқырлар ойыны өтті.

Аталған байқауға елордамыздағы ТжКББ мекемелерінен 12 команда өз бақтарын сынап, бас жүлдені сарапқа салды. Ойынға колледждің намысын қорғауға «Жалынды жастар» көңілді тапқырлар командасы қатысты.

Әділқазылар атап өткендей, ойын өте қызықты әрі көңілді өтті, әр команда бас жүлдеге лайық болды. Дегенмен жарыс болғаннан кейін әр сайыста жеңімпаздар болатыныны айдан анық. Бұл ойынның ең қиын да күрделі сәті жеңімпаздарды анықтау еді. Әзілі мен сәні, қалжыңы мен мәні жарасқан жарыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені біздің колледж студенттерінен құралған «Жалынды жастар» көңілді тапқырлар командасы иеленді.

Жыл сайын ұйымдастырылып отырған байқау ережесіне сәйкес келесі жылы бұл сайыс біздің колледжде өтпек. Құттықтаймыз!!!


А. Мұратұлы